Украинаның Премьер-министрі Владимир Гройсман мемлекетте зейнетақы реформасы өтпеген жағдайда қызметтен кетуге дайын екенін мәлімдеді. Алайда ол реформаның өтетініне сенімді.
"1 қазанннан бастап 5 миллион 620 мың украиналық зейнеткердің зейнетақысы жоғарылайтын болады. Егер мен бұл уәдені орындамасам отставкаға кетуге дайынмын. Бірақ мұны жүзеге асыратынымды білемін. Мұны президентпен және коалициямен бірге істейміз. Шешімге келеміз. Президент қол қойып, біз оны енгізетін боламыз", - деді премьер "112 Украина" телеарнасына берген сұхбатында.
Сәуір айының басында Халықаралық валюта қоры қаржылай көмек көрсету бағдарламасы аясында Украинаға 1 млрд доллар көлемінде кезекті траншты бөлуді мақұлдаған. Сондай-ақ, қор мемлекетті зейнетақы реформасын өткізуді кейінге қалдырмауға, зейнетақы жасын ұлғайтуға және инвестиция тартып, бизнес ортаны жақсарту үшін құрылымдық реформаларды енгізіп, ауыл шаруашылық нарығын дамытып, жекешелендіру өткізуге үгіттеп отыр. Десек те, әзірге Украинада зейнетақыны реформалау жобасы парламент тарапынан қолдау таппай отыр
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы