АҚШ Қытайдың "Бір белдеу - бір жол" стратегиясын маңызды деп тапты. Енді олар алда болатын форумға қатысуға өкілдерін жібереді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының қаржы министрі Чжу Гуанъяо мәлімдеді. Форум Пекин қаласында 14-15 мамырда өтеді.
"Америка тарапы "Бір белдеу - бір жол" стратегиясының маңызды екенін түсінді. Енді олар алдағы күндері болатын форумға өз өкілдерін жібереді", - деп келтіреді РИА Новости Чжу Гуанъяоның сөзін. Алайда ол келетін өкілдердің ішінде нақты кімнің болатынын айтпаған.
Алдын ала жарияланған мәліметтерге сүйенсек, аталған форумға 29 елдің Президенттері мен премьер министрлері қатысады.
Бұдан бұрын Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И кейбір батыс елдерінің форумға қатыспауын саяси дақпыртқа айналдырмау керектігін айтқан. Оның сөзінше, Франция, Германия сияқты елдер форумға қатыспақ ниетте болған. Алайда мемлекеттердегі сайлауға байланысты көшбасшылардың келе алмайтыны белгілі болды.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы