Оңтүстік Корея «Yonhap» агенттігі 11 мамыр күні жариялаған хабарында, сол күні 2017 жылдағы Ғаламдық әскери рейтингі (GFP) жария етілген. Рейтингінің тізімін де Оңтүстік Корея 11-ші орынға жайғасып, былтырғымен ұқсас орынды сақтап қалған.
Аталған рейтингі сараптамасы елдердің халық саны, теңіз және әуе жауынгерлік қабілеті, ресурстар, қорғаныс бюджеті және өзге де әскери қуатқа әсер ететін 50 факторды негіз етіп жасалған. Тізімдегі бірінші орынды жалғасты АҚШ сақтап келеді. Ресей екінші орында жайғасқан. Одан кейінгі орындарда Қытай мен Үндістан, сосын Еуропа елдерімен жалғасып жетінші, орынды Жапония иелеген. Солтүстік Корея былтырғымен салыстырғанда екі мемлекетті артқа тастап, тізімдегі 23-ші орынға көтерілген.
Бұдан сырт, Стокгольм Халықаралық Бейбітшілік зерттеу институтының (SIPRI) өткен айдың соңында жариялаған «2016 жылдағы Дүниежүзілік әскери шығыстар» атты сараптамасы бойынша Оңтүстік Кореяны әскери істерге арнаған шығысы $ 36,777 млрд болып, әлем елдер сабында 10-ші орында тұр. Қорғаныс бюджеті бойынша АҚШ пен Қытай алдынғы бірінші және екінші орында.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы