АҚШ Ауғанстандағы әскерінің санын көбейтпек деп хабарлайды Радио Свобода ақпарат көзі.
АҚШ-тың қорғаныс министрлігі Ауғанстанға 5 мың әскер жіберуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты алдағы аптады Пентагон АҚШ президенті Дональд Трампқа Ауғанстандағы АҚШ-тың жаңа әскери операциясы жөніндегі құжатты ұсынбақ.
Қазіргі таңда Ауғанстанда Талибан қозғалысы мен ауған әскерінің күші тең жағдайда. Сол себепті АҚШ Ауғанстан әскерін оқу-жаттығудан өткізуге көмектесу мақсатында ел аумағындағы өз әскерінің санын көбейтпек. Бірақ бұл жағдайға байланысты АҚШ Конгрессі әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.
АҚШ әскерінің Ауғанстан аумағына ең көп келген уақыты 2011 жыл. Ол кезде ауған жерінде Пентагонның 100 мыңға жуық әскері болған. Қазір олардың саны 8 мың. АҚШ Ауғанстанға 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында орналасқан бүкіл әлемдік сауда орталығына жасалған лаңкестік шабуылдан кейін әскерін кіргізген болатын.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді