Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның кеңесшісі Ильнур Чевик, Сүрияда АҚШ әскерінің күрттермен байланысы жақсылыққа апармайтынын айтты деп хабарлайды Politico ақпарат көзі.
Ильнур Чевик Түркия радиоларының біріне берген сұхбатында «Біз күрт әскери базаларында АҚШ әскерилері бар-жоғына көңіл аудармаймыз. Бір күні кездейсоқ Түркия зымырандары АҚШ әскерилерінің үстіне құлауы мүмкін» деген.
Бұдан бұрын түрік әскерилері Сүрия мен Иракта орналасқан Синжар және Карачох аумақтарын бомбылап, салдарынан Күртстан жұмысшылар партиясының 70 адамы көз жұмған болатын.
Ал, АҚШ ресми Анкараның бұл ісін сынға алып, бомбылау барысында Түркия әскерилері қателесіп, Сүрия-Ирак шекарасындағы одақтастарын атқылаған деген еді.
“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы