Жапонияның апат болған «Фукусима-1» атом электр станциясының маңайындағы орман өрті өршіп барады деп хабарлайды жергілікті NHK теле арнасы.
NHK теле арнасының мәліметінше Жапонияның солтүстік-шығысындағы 20 гектар орман өртке оранған. Қазір оқиға орынында қызыл жалынның алдын алу үшін тікұшақ, өрт қауіпсіздігінің 240 адамы және Жапонияның өзін-өзі қорғау әскери күштері жұмыс істеп жатыр.
Өртке оранған орман Намиэ ауылының жанында орналасқан. Бұл ауылдан «Фукусима-1» АЭС апат болғанан кейін радиацияның шамадан тыс болуына байланысты жергілікті тұрғындар қауіпсіз аймақтарға көшірілген.
Естеріңізге салайық Жапонияда 2011 жылы жойқын жер сілкінісінің салдарынан «Фукусима-1» атом элетр станциясында апат болып, 2013 жылы Жапония билігі станцияны жапқан болатын.
“The Qazaq Times”


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы