Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинге Сүриядағы күрттермен бірге соғыс алаңында бейнеленген РФ әскерилерінің суретін көрсетті деп хабарлайды Daily Sabah ақпарат көзі.

Суреттер Сүрияның күрттер көп шоғырланған Африн қаласында түсірілген. Ердоған суреттерді Путинге көрсетіп қана қоймай, бұның арты неге апарып соғатынына алаңдаушылық білдіретінінде айтқан.

Ал Владимир Путин өз кезегінде бұл суреттерді зерттеп, тексеруге уәде берген.

Естеріңізге салайық кеше Сочи қаласында Ердоған мен Путин кездесіп Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты ары қарай дамыту, Сүриядағы соғыс жағдайын талқылаған болатын.

“The Qazaq Times”