Ташкентте жалау көтерген Азия чемпионаты біз үшін табысты өтуде. Қазақстан бокс құрамасы командасымен ширек финалға шықты.
Бір алаңдатқаны, ауыр салмақтағы боксшыларымыз еді. Васили Левитте мін жоқ. Ал, аса ауыр салмақтағы Иван Дычконы алмастырған жаңа пері Қамшыбек Қоңқабаев әзірге сыннан сүрінбей өтті.
Қамшыбек 1/8 кездесуінде моңғолиялық қандасымыз Ерболат Төлекпен қолғап түйістірді. Ерболат та осал спортшы емес. Айтақалсын жетістіктерге жетіп жүрген жігіт. Алайда, Қамшыбек одан үстем шықты.
Екінші раундта Ерболат нокдаун алды. Ары қарай жарыс көпке созылған жоқ. Қазақстан боксшысы айқасты уақытынан бұрын аяқтатып, үшінші раундта жеңіске жетті. Өкініштісі, Ерболат Моңғолия ұлттық құрамасына кіру мүмкіндігінен және де айырылды. Қазақ спортшыларына әрдайым жеңіс тілейміз!


















Отанға оралған қандас бейімделуі немесе Қандастар мен Қазақстандағы мигранттарды ақпараттық қолдау және әлеуметтік бейімдеудің медиа-стратегиясы
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
МЕШІН ЖЫЛДЫҢ ҚАРА ӨЛЕҢІ
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті