Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі мен Ұлттық гвардия қызметкерлері жағынан Калиниградта Орта Азиялық 12 адам тұтқындалды деп хабарлады Би-Би-Сидің қырғыз қызметі осы елдің қауіпсіздік қызметінің баспасөз орталығына сілтеме жасап. 
Федералдық қауіпсіздік қызметіның мәліметіне қарағанда, тұтқындалғандар Ресейде террористік ұйым қатарына жатқызылып тиым салынған "Ислам Жихатының" мүшелері екен.
Қауіпсіздік қызметінің атын атамаған өкілі: "ұйым басшысының Өзбекстан құқұқ қорғаушылары жағынан экстремистік қылмысы үшін іздеуде жүргені анықталды. Тұтқындалған күдікті қылмысын мойындап террорлық ұйымға тартқан туысқандарын да көрсетіп берді" –деді
Қауіпсіздік қызметі ұстағандардан "халықаралық террорлық ұйымдардың мүдесі үшін" елді азғырған деп санайды. Ресейдің құқұқ қорғау органдары тұтқындалғандарды жақын күндерде экстрациялауы мүмкін. Алайда бұл жөнінде анық мәлімет айтылған жоқ.
"Ислам жихады – Можахед жамағаты" аталған ұйым 2006 жылы Ресейдің жоғары соты жағынан террористік ұйым деп қаралған.

"The Qazaq Times"