Түркия әскері Барлау қызметінің бұрынғы басшысы Исмайыл Хақи Пакин: "АҚШ сионистік режимнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Таяу Шығыстағы шекараларды өзгертуді көздеп отыр",- деді. Бұл туралы "Анатолы" баспасөзінің ресми сайтында жарияланды.
Түркия әскері Барлау қызметінің бұрынғы басшысы Исмайыл Хақи Пакин дүйсенбі күні Sputnik ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың Таяу Шығыстағы шамамен 20 мемлекеттің шекараларын өзгертуді көздеп отырғанын айтып: "АҚШ-тың бұл әрекеті Иран Ислам Республикасының аймақтық күш-қуатының артуының алдын алып, сионистік режимнің аймақтағы мүдделерін сақтау мақсатында жасалып отыр",- деп мәлімдеді.
Хақи Пекин Ресей мен Түркия қарым-қатынастарының келешегі туралы: "Анкараның Сүрия президенті Башар Асадты биліктен тайдыруға негізделген дұшпандық саясатын тоқтатуы Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды қайтадан жақсарта алады",- деді.
"The Qazaq Times"


















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр