Қанды Қаңтар бойынша 16 жылға сотталған Ербол Жұмановтың ісі Жоғары сотта қаралатын болды. Бұл жөнінде оның қорғаушысы Жалғас Сапарханова әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Адвокаттың сөзінше, Жоғары сот әкімшілігінен Ербол Жұмановты ісі қаралатыны жөнінде хабар келген. Алдын-ала тыңдау 16 қазанға белгіленген.
Тамыз айында Жамбыл облыстық соты Қаңтар оқиғасы кезінде «ҰҚК подполковнигі Дастан Әділбайды өлтірді», «қару-жарақ ұрлады және сақтады» деп айыпталған Ербол Жұмановтың үкімін өзгеріссіз қалдырған. Тараз қалалық соты оны 16 жылға бас бостандығынан айырған.
Сотта Ербол Жұманов өзіне тағылған айыпты ішінара мойындаған. Ол қару-жарақ алғанын растап, Дастан Әділбайды өлтірмегенін айтқан.
Қаңтар бойынша бұл істе Ербол Жұмановтан өзге сегіз адам жауапқа тартылған. Атап айтқанда, Нұрахан Махатов – 6 жылға, Айбол Сағынтай мен Жақсылық Абдуллаев 5 жылға бостандығынан айырылған. Іс бойынша сотқа тартылған өзге бес адам – Қанат Нұраханұлы, Ермахан Сайлауов, Дәурен Нұрәлиев, Досмұхаммед Садықов пен Саламат Қосанов рақымшылыққа ілігіп, сот залынан босап шыққан.
БӨЛІСУ

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?