Алматыда Qazaqkoktemi art тобы Абай облысындағы өртте құрбан болған марқұмдарға арнап «Шындық» мемориалын орнатты. Куб тәріздес мемориалдың бір жақ бетінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеленген. Екі бейненің ортасында тәуелсіз Қазақстан тарихында болған қанды оқиғалар мен саяси себеппен қаза тапқан адамдардың аттары қызыл-қара түспен жазылған.
Екінші бетінде «Халыққа атылған оқ, шіріген билік тоқ, ұрпаққа қалғаны шоқ» деген жазу жазылған.
Мемориал Жібекжолы метро станциясының маңында, Панфилов көшесінде орнатылған.
Мемориалмен қатар Rukh2k19 инстаграм парақшасында #QazaqKoktemi арт тобының мәлімдемесі де жарияланды. Онда жақында 15 адамның өмірін қиған Абай облысында болған өрт жөнінде, елдегі саяси жағдай, тағайындалатын әкімдер, қорлық пен зорлық көрген халық жөнінде жазылған.
Белсенділердің арт-перформанс арқылы халыққа жолдаған үндеуінде «Тағы қанша адам жемқор, тойымсыз жүйенің құрбаны болды?» деп жазылған.
Артынша «Шындық» мемориалы алынып маңын полиция қызметкерлері сол төңіректі торуылдап жүрді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр