Алматы әкімшілік соты 4 мамырда белсенді Әлнұр Ілияшевті "сот үкімін орындамады" деп бес тәулікке қамады. Бұған Ілияшевтың "халық парламентінің" жиынына қатысуы себеп болған.
Сот Ілияшевті "қоғамдық бірлестіктер қызметіне қатысу құқығынан айырылғанын біле тұра", Тіркелмеген "Халық парламентінің" 1 сәуірдегі жиынына қатысқанына байланысты айыптап отыр. Сот қаулысындағы мәліметте, сот отырысында белсенді "заң бұзғанын мойындап", соттан өзіне әкімшілік жаза тағайындауды сұраған.
Билікті сынаған жазбасынан кейін Ілияшев 2020 жылы 22 маусымда "жалған ақпарат таратты" деп айыпталып үш жылға бас бостандығы шектелген. Ол бұның саяси қудалау екенін айтып, тағылған айыппен келіспеген.
19 наурыздағы сайлаудың нәтижесіне келіспеген "Халық парламентінің" митингісінен кейін бірқатар белсенді әкімшілік жауапқа тартылған болатын.
Әлнұр Ілияшев та сенат сайлауына кандидат ретінде тіркелуге талпынғанымен одан еш нәтиже шықпаған. Аумақтық сайлау комиссиясы оны "сот мерзімін әлі өтеп бітпеді" деп тіргеуден бас тартқан. Өздерін кандидат ретінде тіркемеген сайлау комиссияларын сотқа берген белсенділердің арызын сот қанағаттандырмай шешім өзгеріссіз қалған болатын.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Гренландия мен Данияда Трамптың жоспарларына қарсы жаппай наразылық өтті
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс