Алты жыл жаза мерзімін өтеп жатқан Грузияның бұрынғы президенті қазір Тбилисидегі жеке клиникада емделіп жатыр. Жақтастары оның денсаулығы нашарлап бара жатқанын айтады. Саакашвили қарсыластары өзіне у бергенін мәлімдеген. Грузин билігі бұл айыптауларды терістеп келеді. Бұл туралы Маса медиа жазды.
Еуропарламент, бұдан бөлек, Грузияның бұрынғы премьер-министрі және кәсіпкер Бидзина Иванишвилиге қарсы санкция енгізу туралы құжатқа түзетулерді мақұлдады. Онда Грузиядағы ең беделді саясаткер атанған Иванишвили «жеке мақсатта кек алу үшін Саакашвилиді қуғындағаны» жазылған.
Резолюцияны 577 депутат қолдаса, 33-і қарсы дауыс берді. Иванишвилиге санкция енгізуді 362 депутат қолдап, 121-і қарсы болды.
Еуропарламент резолюциялары тек ұсыныс бере алады.
Былтыр 14 желтоқсанда Еуропарламент ЕО-Грузия қауымдастығы туралы келісімді жүзеге асыру резолюциясынқабылдаған. Сол құжатта да Саакашвилиді босату және Иванишвилиге санкция салу туралы үндеу болған.
Саакашвили «билік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін» кінәлі деп танылған. Оның үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Бұрынғы президент өзін саяси себеппен қудалап отыр деп есептейді.