Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза болғандар 23,7 мыңнан асты: 20,2 мыңы – Түркия тұрғыны, 3,5 мыңы – сириялықтар. Іздеу-құтқару жалғасып жатыр. Бұл туралы Азаттық радиосы жазыды.
Reuters'тің жазуынша, 6 ақпан күнгі жер сілкінісі келтірген адам шығыны бойынша 21 ғасырдағы ең ірі апаттар арасында жетінші болып тұр. Ондаған мың адам жарақаттанды, жүздеген мың адам баспанасынан айырылды.
Зілзаладан қанша жануар өлгені немесе жараланғаны туралы мәлімет жоқ. Жануарларды қорғау ұйымдары далада қалған жануарлар мен оларды бағатын орындарға көмектесетін топтарын жіберді. Тірі қалған жануарлардың көбі жараланған, олар көшеде тамақ-сусыз, қорғансыз қалған.
Түркияда билік пен құрылысшыларға сын айтылып жатыр. Сыншылар сейсмикалық қауіпті аймақтарда көпқабатты тұрғын үй салған кезде стандарт сақталмаған деп айыптайды. Түркия президенті Режеп Ердоғанға да "зардап шеккендерге кешігіп көмек берілгені үшін" сын айтылып жатыр. Ердоған "кейбір мәселелер барын" мойындағанымен, "жағдай бақылауда" екенін айтқан.
Fitch Ratings агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінен Түркия 4 млрд доллар экономикалық шығынға батуы мүмкін.
Сирияның солтүстігіне гуманитарлық көмек жер сілкінісінен төрт күн өткеннен кейін ғана жеткен. Құтқарушылар мұнда кемінде 1900 адам қаза болған дейді. Жүздеген адам үйінді астында қалған.
Сирия билігіне, Башар Асад режиміне қарсы енгізілген санкциялар жағдайды қиындатып жіберген. Елде құрылыс техникалары мен мұнай жетпейді. Жуырда АҚШ Сирия билігіне қарсы шектеулер жер сілкінісіне байланысты берілетін көмек бойынша транзакцияларға әсер етпейді деп мәлімдеген.
- 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 магнитудалы бірінші жер сілкінісі болған. Ол Сирияның бірнеше ауданына әсер еткен. Бірнеше сағаттан соң 7,6 магнитудалы екінші жер сілкінісі тіркелді. Одан соң 1200-ден астам жерасты дүмпуі тіркелген. Түркияда 12 ақпанға дейін қаралы күн жарияланды.
- Түркия мен Сирияға дүниежүзінің 70 елінен құтқару командалары мен дәрігерлер барған. БҰҰ гуманитарлық көмекке шамамен 25 млн доллар бөлді. АҚШ Түркия мен Сирияда зардап шеккендерге 85 млн доллар бөлген. Дүниежүзілік банк Түркияға 1,78 млрд доллар көлемінде қаржылай көмек береді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі