29 желтоқсанда Беларустың теритоиясына Украинаның С-300 зымыраны құлыды. Бұл туралы БелТА ақпарат агентігі мәлімдеді, -деп жазды Маса медиа.
Агенттік мәліметінше, зымыран күндізгі сағат 10:00 мен 11:00 аралығында құлаған. Оқиға жөнінде Беларусь президенті Александр Лукашенкоға бірден хабарланған. Ол тергеу комитеті мен қорғаныс министрлігіне зымыранның құлау себебі мен салдарын анықтауға тапсырма берген.
Беларус қорғаныс министрлігі зымыран қалдықтары Брест облысына қарасты Горбах ауылының маңынан табылғанын мәлімдеді. Олар зымыран Украина аумағынан ұшып келген деп есептейді.
Зардап шеккендер жөнінде ешқандай ақпарат жоқ. Украина билігі ресми Минск мәлімдемесіне жауап берген жоқ. 29 желтоқсанда Киев Ресейдің Украина аумағын тағы атқылағанын хабарлаған.
Еуропаның соңғы диктаторы саналатын Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путиннің одақтасы саналады.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр