Қазақ тарихына қанмен қара таңбасын басып кеткен 2022 жыл – "барыс" жылы кетіп қаймана халыққа үміт отын сыйлаған қоян жылы келіп жатыр. Қоян жылы қорқытпай қуанышымен келсін!
Өткен барыс жылындағы ақ жүзін қан, ақ етегін жас жуған жандардың жанарына жақсылықтың жарқылы орнасын! Ел тарихына 238 адамның қанымен, еркіндік талап етіп бейбіт ойын айтуға шыққан неше жүздеген адамдардың азапталуымен есте қалған "барыс" жылы қайтадан қайталанбасын! Өткен тарихмыздағы қыиындықтарға толы болған наубетті ауыр жылдардың кесепаты тарих қойнауында қалып бара жатқан барыс жылымен бірге кетіп, келе жатқан жыл жақсылығымен келсін!
Келіп жатқан жаңа жыл қарсаңында жалпы қазақстандықтарды, алыс-жуық шетелдегі қандастарымызды, жер бетіндегі барша адамзат баласын келе жатқан жаңа жылымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл жақсылығымен, игілігімен, қайырымен келсін! Әлемде болып жатқан қиыншылықтар, қайшылықтар, дағдарыстар соғыссыз, бейбіт шешімін тауып, баршамыздың ортақ әлеміміз гүлдене берсін! Жаратушы сын сағаттарда адамзат баласының жүрегіндегі ізгілік, мейірім, махаббат сезімдерін ала көрмесін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Қоян жыл бақыт әкелсін!

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы