АҚШ президенті Джо Байден 2023 жылдың бюджетін бекітті. Құрама Штаттардың алдағы жылдағы бюджеті шамамен бір триллион 700 миллиард доллар болды. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Заңда 2023 жылы қорғаныс министрлігін қаржыландыруға шамамен 858 миллиар доллар бөлінетіні айтылған. Қорғанысқа аударылатын қаражат биылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Шамамен 45 миллиард доллар Украина мен НАТО елдеріне көмек ретінде аударылады.
21 желтоқсанда Украина президенті Владимир Зеленский Конгресте сөз сөйлеп, америкалық заң шығарушылардан елге қосымша көмек сұраған. "Ақшаларыңыз қайырымдылық емес, ғаламдық қауіпсіздікке салынған инвестиция болады", - деп мәлімдеген Зеленский.
Қорғаныс министрлігіне бөлінетін шамамен 140 миллиард доллар гипердыбыс зымырандары секілді қару-жарақ түрлерін жасауға, болашағы зор зерттеулерге жұмсалады.
2023 қаржы жылының бюджет жобасын бұның алдында АҚШ Конгресінің қос палатасы мақұлдаған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы