Бас кеңсесі Нью-Йорк қаласында орналасқан Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) тәжік журналисі Әбдісаттор Пірмұхаммадзодаға шығарылған сот үкімін сынап, оны тез арада босатуды талап етті, -деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
26 желтоқсанда Душанбе қаласы Исмаил Сомони ауданының соты журналисті жеті жылға соттады. Журналистерді қорғау комитетінің Еуропа мен Орталық Азиядағы бағдарламадар үйлестірушісі Гүлноз Саид: "Пірмұхаммадзоданың және басқа да бес тәжік журналисінің соты құпия жағдайда өтті, оларға дәлелсіз айып тағылды", - деп мәлімдеді.
CPJ Тәжікстан билігінен Пірмұхаммадзода мен сотталған басқа да журналистерді тез арада босатуды, сонымен бірге тәуелсіз баспасөзді қудалауды доғаруды талап етті.
26 желтоқсанда жабық өткен сот Пірмұхаммадзоданы жеті жылға соттады. Тәжік блогерінің туыстарының айтуынша, оған елде тыйым салынған ұйымдармен байланысты деген айып тағылған. Журналист пен оның туыстары бұл айыпты негізсіз деп есептейді.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі