27 қарашадан бері жылусыз қалған Екібастұр қаласының жылу электр орталығы учаскелік бастығының мәйті өз көлігінен табылды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-та жазылды.
1989 жылы 20 тамызда туған Сергей Видлогтың денесі 4 желтоқсан күні түнде өзінің "ВАЗ-21099" автокөлігінен табылған.
"Бұл іс Екібастұз қалалық полиция департаментіне тіркелді. Тексеріс жүріп жатыр", - дейді қалалық полиция өкілдігі.
Ресми органның алдын ала тарқатқан мәліметінше: Сергей Видлогтың денесінен зорлық-зомбылық ізі байқалмаған, Қылмыстық кодекстің "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.
Бұған дейін қала әкімдігі тундаған жағдайдың орнына келіп жатқанын әзірге көп қабатты 11 үй жылу жетпей тұрғанын хабарлаған болатын. Алайда, жергілікті тұрғындар мен тәуелсіз журналистер бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтытын айтуда.
Желтоқсан айында Үкімет Екібастұздағы барлық проблемалық 71 көпқабатты тұрғын үйдің жертөлелеріне жылу блоктары берілетінін хабарлаған. 1,2 мыңға жуық пәтер әлі күнге дейін жылусыз отырғаны айтулуда.