Қаржы министрі, премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың мәлімдеуінше Қазақстан парламент мәжілісіндегі «Аманат», «Қазақстан халық партиясы», «Ақ жол» партияларына жыл сайын бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінеді. Б
Жамаубаевтың айтуынша парламенттегі партияларға бөлінетін қаржы заңмен бекітілген есеп бойынша беріледі.
– Заңмен қабылданған белгілі бір есептеу жүйесі бар. Соған қарай қаражат бөлінеді. Жалпы алғанда үш партияғы жылына 8 миллиард теңге бөлінеді, – деді Жамаубаев.
2022-2024 жылдары партияларды қаржыландыруға бюджеттен 8,4 миллиард теңге бөлу жоспарланған.
Қазақстанда тіргелген бес партия («Ауыл», «ЖСДП», «Қазақстан халық партиясы», «Ақ жол», «Аманат») бар. Соңғы үшеуінің өкілдері парламентте отыр.
2019 жылдан бері билікті сынап келе жатқан бірнеше саяси ұйым мен бірлестік партия болып тіркеуден өте алмай келеді. Оппозиция өкілдері билік өздеріне ыңғайлы партияларды ғана тіркейтінін айтады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел