20 сәуірде Қытай өзінің алғашқы жүк тасымалдайтын "Тяньчжоу-1" ғарыш кемесін ұшырды. 

Жүк кемесі Хайнань елдімекеніндегі Вэньчан ғарыш айлағынан "Чанчжэн-7" зымыран тасымалдағышымен  19:41 - де ұшырылған болатын. Кеменің ғарышқа аттанған сәті Қытайдың CCTV арнасынан тікелей эфирден көрсетілді.

Кеме орбитаға алты тоннадан астам жүкті алып ұшты. Жанармай және басқа жа қажетті заттар  "Тяньгун-2" ғарыш зертханасына жеткізілмек.

"The Qazaq Times"