"Политон" бағдарламасында Конституцияға өзгертулер енгізуге байланысты "Жаңа Қазақстанның" референдумы қалай өтті? атты эфир өтті. Аталмыш эфирді ықшамдап беруді жөн көрдік.

Арайлым Назарова бұл жолы өткен референдумның бұрынғы сайлаулардан ешқандай айырмашылығы жоқ дейді. Оның сөзінше, комиссия мүшелері әдеттегідей фальсификациялар жасаған.

«Бұл жолғы референдумның бұрынғы сайлаулардан айырмашылығы болды деп айта алмаймын. Комиссия мүшелерінің әрекеті әдетке айналып қалған сияқты. Олар жаппай фальсификация жасамаса да, ондай жағдайлар болды. Алматы қаласында референдум нәтижесі 33 пайыз болды. Референдумның жалпы көрсеткіші осы деп ойлаймын. Бұл тәуелсіз бақылаушылар жұмысының нәтижесі», - дейді Назарова.

Ғазиза Әмірбектің пікірінше, Жаңа Қазақстанның референдумында ешқандай өзгеріс болмаған. Барлығы бұрынғыша өткен.

«Жаңа Қазақстан деп айтып жатырмыз ғой. Бірақ оны әлі көріп отырған жоқпыз. Шындап келгенде, осыған дейін өткен парламент, президент сайлауы кезіндегі биліктің әрекеттері бұл жолғы референдумда да өзгерген жоқ. Урнаға бюллетеньді топтап тастау, бір адамның бірнеше рет дауыс беруі. Тәуелсіз бақылаушыларды сайлау учаскесінен шығарып жіберу фактілері болды. Баяғы жартас, сол жартас қалпында қалды», - дейді Әмірбек.

Макс Боқаев референдумға барған жоқпын дейді. Оның сөзінше, оған барудың мәні жоқ.

«Мен референдумға дауыс беруге барған жоқпын. Барудың қажеті жоқ деп ойладым. Ал тәуелсіз бақылаушы бола алмаймын. Себебі оған соттың үкімімен маған тыйым салынған... Тоқаев референдум өткізу арқылы жергілікті элиталарды тексерді. Бұрынғы сайлау жүйесі жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізді», - дейді Боқаев.

;t=560s