Хуан Висенте Мора есімді әлемдегі ең қарт адам жақында 113 жасқа толған туған күнін тойлады. Генистің рекорттар кітабына енген Мора өзінің ұзақ жасау сырымен бөліскен.
«Көп жұмыс істе, демалысқа шық, ерте ұйықта, құдайды сүй және оны жүрегіңде сақта», – деп түсіндіреді ол өзінің ұзақ жасау құпиясын. Ол өмірінде көп жұмыс істегенін, әр жұмысынан ләззат алғанын, ерте ұйықтауды әдетке айналыдырғанын және әр күнін кофе ішумен бастағанын айтады.
Хуан Висенте Мора – 1909 жылдың 27 мамырында Венесуэланың Тачира шататы, Ел Кобре деген жерінде көп балалы отбасында дүниеге келген.
Биыл қаңтарда испаниялық Сатурнино де ла Фуэнте Гарсия өмірден өткеннен кейін Хуан Висенте Море Генистік рекордтар кітабына әлемдегі ең егде ер адам ретінде тіркелді.
Ал, әлемдегі ең егде әйел франциялық 118 жастағы Люсиль Рэндон.
Мұрат Алтынай


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел