«Ғұмырымыз сан үміттен тұрады...» ақ иық ақын Мұқтар Шаханов ағамыздың 80 жас мерей тойының қарсаңында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы айырықша кездесу өткізді.

Бұл шара да ел аумағында «Оқитын ұлт» жобасы аясында: – жалпы бізде оқу мәдениеті қалыптасқан ба? Әлем назары әлеу желіге ауған бүгінгі таңда, өскелең ұрпақтың ойын кітап оқуға  қалай аударуға болады? деген сан сауалдардың төңірегінде жобалар әзірлеп, ғылымның кеніші саналатын кітапхана істерін онан ары жандандырып ғана қоймай, ұлт әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғаларды барында бағалап, жастарға таныстыру мақсатында көптеген шараларды қолға алған болатын.

Осы жоба аясында, кітапхананың кезекті құтты қонағы  болып кітпапханаға, көпшілік оқырман қауымның жүрегінің төрінен орын алған ақын, драматург Мұхтар Шаханов келді.

«Ғұмырымыз сан үміттен тұрады...» деген атпен ұйымдастырылған  кездесу кеші ақынның 80 жас мерей тойы қарсаңында алғашқы боп өткен шаралардың бірі де бір егейі болды.

Кеш барысында, залға лық толған қалың оқырман қауым, ақынның әңгімелері мен өлеңдерін  сүйсыне тыңдап, ыстық ілтипатпен қошаметтерін білдірді. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін кеш иесінің  өлең-жырларын жатқа оқып, әндерін шырқады. Сонымен қатар, аңыз адамға айналған  Мұхтар Шаханов оқырмандармен сырлы сұхбат құрып, кейінгі жас буынға ақ батасын берді. Кеш соңында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Тоқабаева Ғалия Сламбайқызы ақынға шапан жауып, көпшілік атынан алғысын білдірді.  Кездесу мәресіне жетседе, ақынды қимаған жұрт көпке тарқамады.

Ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Шаханов бүгінгі таңда республикалық «Жалын» журналының бас редакторы. Ақын соңғы жылдары «үш тұғырлы тілге» де, тікелей қазақ халқын және республикадағы аз ұлттарды тікелей жоюға алып баратын, бастауын «американдық ұлттан» алатын «қазақстандық ұлтқа» да батыл қарсылық танытып келеді.  «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының президенті, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы, «Тәуелсіздікті қорғау» атты 50-ден астам қоғамдық ұйымдардың, партиялардың, баспасөз орындарының басын қосатын халықтық-демократиялық қозғалыстың төрағасы сынды ірі істеді атқарумен қатар, ел мүддесіне өлшеусіз үлес қосып келеді.

Сөз соңында, биыл сексеннің сегіріне шығып отырған қазақтың дара тұлғасына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Талдықорған қаласы

Әмина Адайханқызы