«Эхо Москвы» радиосы жұмысын тоқтатады. Бұл туралы радиостанцияның директорлар кеңесі шешім шығарған. Шешімге сай «Эхо Москвы» радиосы мен интернет сайты жұмысын тоқтатады.
Осыдан бұрын Ресейдің Бас прокуратурасы «Эхо Москвы» радиосын Ресей әскерлерінің Украинадағы әрекеті бойынша жалған мәлімет таратты деп айыптаған болатын.
1990 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан радиоға «Газпром-Медия» компаниясы иелік етеді. Радионың бас редакторы Алексей Венедиктов мәлімдегендей жабу туралы шешім бас аяғы 15 минуттық отырыста шешілген. Директорлар кеңесінің отырысына Венедиктов қатыстырылмаған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел