Құрметті «The Qazaq Times» оқырманы!
«The Qazaq Times» сайты Азаматтық журналистер» жобасын жүзеге асыруға өз үлесін қосу мақсатында еліміздің әр түкпірінен журналист болуды қалайтын еріктілерді іздейді.
Бүгінгі ақпараттық әлемде өз айтарыңызды, көкейіңізге түйген түйткілдеріңізді жеткізгіңіз келсе, айналаңызда болып жатқан жедел ақпаратты жұртпен бөліскіңіз келсе, көңіл аударарлық оқыс оқиғалардың куәсі болсаңыз, біздің сайт сіздің ақпаратыңызбен бөлісуге дайын.
«The Qazaq Times» сайтына еліміздің әр түкпірінен азаматтық журналистер керек. Жасыңыз бен біліміңізге шектеу жоқ (кәсіби журналистерге қатысы жоқ). Белсенді азаматтық позицияңыз болса, жеткілікті.
«The Qazaq Times» сайты сізге және сіздің пікіріңізге ашық алаң дайындап бере алады. Біздің редакциялық ұжыммен бірге түрлі сұхбаттар жасап, қызықты репортаж дайындап, сайтқа ақпараттық немесе сараптамалық материалдар дайындайсыз. Әрі жарық көрген дүниеңізге қаламақы төленеді. Бұл біздің Internews Kazakhstan халықаралық мекемесі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасынан ұтып алған грант негізінде жасалып отыр.
Өтінім беріп, бірге қажетті ақпаратты жасап үйренейік.
Өтінім 11 наурызға дейін қабылданады.
Азаматтық журналистерді таңдау конкурстық негізде өтеді. Төмендегі форманы толтыру арқылы жобаға қатыса аласыз: