Желтосқанның 16-ы күні 2011 жылы болған Жаңаөзен оқиғасына 10 жыл болды. Осыған байланысты "Политон" бағдарламасында "Жаңаөзен ақиқаты ашылды ма? Он жылда не өзгерді?" тақырыбында талқылау өтті. Оған заңгер Абзал Құспан мен саяси белсенді Макс Боқаев қатысты. 

Бағдарлама барысында Абзал Құспан 2011 жылы Жаңаөзенде оқ атуға бұйрық беруге Респуликаның ең жоғары басшылығының қатысы бар деген сол кезде құрылған комиссия қорытындысымен толық келісетінін айтады.

«Сол уақытта Жаңаөзен оқиғасына байланысты арнайы комиссия құрылды. Оған Рысбек Сәрсенбайұлы, Болат Абилов сияқты көп теген азаматтар қатысты. Солар бұл оқиғаға Республиканың ең жоғарғы басшылығының қатысы бар деген қорытындыға келді. Мен сол қорытындымен келісемін»,- деді Құспан.

Макс Боқаев полиция жоғарыдан оқ ат деген бұйрық болмаса еш уақытта ондай қантөгіске бармайды деп есептейді. Оның сөзінше, полиция осы уақытқа дейін жоғарыдан келген нұсқаулықпен жұмыс істеп келген. 2011 жылы Жаңаөзенде халыққа қарсы қару қолдануға жоғарыдан рұқсат берілген.

«Полиция жоғарыдан тапсырма болмаса ондай қантөгіске ешқашанда бармайды. Оны біз оған дейін де, одан кейін де көріп жүрміз... 2011 жылдың 16 желтоқсанында барлығымыз нақты көрдік. Көздеп атты, құлаған адамдарды барып сабады. Полицияға жоғарыдан нақты рұқсат берді. Қатаң түрде қандай да бір құралды, қаруды пайдаланып ереуілді тоқтатыңдар деген рұқсат берілген», - дейді Боқаев.

;t=20s