Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы "Зарафшон" тәжік-қытай компаниясын салықтан босату жөнінде үкімет ұсынысын қолдады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Бұл компания елдің солтүстігінен алтын мен мыс өңдеп шығаратын металлургиялық зауыт салуды жоспарлап отыр.
Келісімге сәйкес, құрылысқа Тәжікстан 117 млн доллар бөлсе, қытайлықтар қалған 70 пайызын төлейді. Құрылыс 2023 жылға қарай аяқталуы тиіс. Кәсіпорын жылына 165 мың тонна концентрат өңдейді деп жоспарланған.
Осыған дейін Пенжикент тұрғындары аймақтың экологиясын бұзады деп зауыттың салынуына қарсы болған. Парламент депутаттары зауыт өкілдерін экологиялық тазалықты барынша сақтауға шақырды.
Тәжікстанда тау-кен саласында қытай компаниялары басым. "Зарафшон" компаниясының 75% акция пакеті қытайлық Zijin Mining Group Co. Ltd компаниясына тиесілі.


















Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап