16 желтоқсан. Тәуелсіздік күні Алматыда Ел мен жер қозғалысы, тіркелмеген демократиялық партиясының өкілдері, Oyan, Qazaqstan жастар қозғалысы тағыда басқа белсенді топтар 1986 және 2011 жылғы Желтоқсан құрбандарын еске алды.
Бұған дейін Демпартияның жетекшісі Жанболат Мамай халықты 16 желтоқсан күні 12:00-де Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіштің жанына жиналуға шақырған болатын. Соған орай Демпартия жақтастары жаңа өзен шындығы ашылуы керектігін талап етсе, «Oyan, Qazaqstan» жастар қозғалысының мүшелері Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алып, арт-перформанс шарасын өткізді. Ақ түсті кастюм киіп арқасына салынған нысанадан қын түстес қызыл боя ағызып жазықсыз атылған құрбандарды бейнеледі. Түске дейін алаңға Алматы әкімдігі жыл сайынғы мұрәсімін өткеріп кеткеннен кейін интернет желісі нашарлады.
Ал Ел мен жер қозғалысының жетекшілері, мемелет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев, саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы бастаған топтың ұйымдастыруымен Желтоқсан мен Жаңаөзен құрбандарына хатым түсіріліп, аранйы ас берілді.