Елімізде коронавирусқа қарсы өмірін сақтандыратын тұрғындар саны артқан. Вирусқа қарсы сақтандырудың құны 5-8 мың теңге аралығында. Ал адам коронавируспен ауыра қалған жағдайда оған 200 мың теңгеге дейін өтемақы төленеді. Жеке бастарының қауіпсіздігіне жете мән беріп, өмірлерін сақтандыру жағынан Түркістан облысының тұрғындары көш басында. Одан кейінгі орындарда Алматы қаласы мен Маңғыстау облысының тұрғындары тұр.
«Біз компания сайтында 5 минут ішінде онлайн сатып алуға болатын «COVID-19» және «Life-Персона» өмірді сақтандыру бойынша өнімдерді ұсынып келеміз. «Life-Персона» сақтандыру бағдарламасының негізгі артықшылығы сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін қандай жағдай болмасын клиенттің сақтандыру жарналары қайтарылады. Коронавирустан сақтандырудың құны 5 мыңнан 8 400 теңге аралығында. Он мың теңгеге де жетпейді. Онлайн түрде бір мыңнан астам адам 16 миллион теңгеге өмірлерін коронавирусқа қарсы сақтандырған. Олардың арасында вируспен ауырып қалған жүзге жуық адам сақтандыру полистері арқылы ақша алды. Оңтүстік өңірде айлығынан ай сайын 5 мың теңгеден болса бөліп, өмірлерін сақтандырып жатқан адамдар көп. Одан кейінгі орында Алматы қаласы мен Маңғыстау облысының тұрғындары тұр. Аталған өңірлердегі адамдардың жеке басын, отбасын, жалпы сақтандырудың пайдасы туралы білетін мәліметтері жоғары. Олардың арасында дәрігерлер мен мұғалімдердің үлесі басым», - деді «Халық-Life» АҚ Басқарма Төрайымы Жанар Жұбаниязова.
Өмірді сақтандырудың барлық түрін алғанда капитал көрсеткіші де өскен. «Халық-Life» АҚ басшыларының сөзінше, биылғы жылдың 9 айында сыйлық сыйақылардың жиынтық көлемі 92,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 88% - ға жоғары. Сәйкесінше клиенттерге сақтандыру төлемдері де өскен. Өмірлетін сақтандырған адамдарға соңғы 9 айдың ішінде 8,2 млрд теңгеден астам төлем жүргізілген. Компания Қазақстан көлемінде өмірді сақтандыру нарығының бүкіл тарихында алғаш рет жыл басынан бері 100 млрд теңге көлемінде сақтандыру сыйлықақыларының рекордтық көлемін жинаған.
«Компания оң даму динамикасын, сенімділігі мен қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ ұсынылатын сақтандыру өнімдеріне қажеттілікті айқындады. Пандемия ел тұрғындарына шұғыл жағдайлар туындаған жағдайда сақтандыру арқылы қорғаныс түріндегі «қауіпсіздік көпшігінің» маңыздылығын көрсетті. Ұсынылған өнімдер қаржылық қорғанысты қамтамасыз етуге және болашаққа сенімділік береді, ал шарт мерзімі аяқталған сәтте біздің клиенттеріміз үшін қаржылық жинақтардың қалыптасуына кепілдік береді. Тәжірибе көрсеткендей, ұсынылған ыңғайлы сервистер мен бағдарламалардың арқасында клиенттер меншікті капиталды көбейтуге, баланың білім алуына немесе өз балаларының жинақтарын мұраға қалдыру үшін негіз жасауға бағыттайды. Компанияның нарықтағы үлесі 33,6% - ды құрады. Жинақтаудың түрлері девальвация тәуекелдерінен және валюта бағамының ауытқуынан да сенімді қорғалған», - деді Басқарма Төрайымы Жанар Жұбаниязова.
Ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ыңғайлы болу үшін «Халық-Life» компаниясы қызметкердің еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу мақсатында онлайн сервисті іске қосты. Енді қызметкерлерінің саны аз жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар да бір-екі қимылмен, офистен шықпай-ақ өз қызметкерлерін жедел сақтандыра алады.
Сондай-ақ осы жылдың басында Халык-Life клиенттерге барынша ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін нарықта бірінші болып IOS және Android негізіндегі мобильді қосымшаны шығарды. Бірегей мобильдік сервистің арқасында компанияның клиенттері әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 режимінде өз сақтандыру шарттарының жағдайын қадағалап, жарналарды төлей алады, компания қызметі туралы жаңалықтар алып, басқа да қызметтерді орындай алады.
«Біз сақтандыру сервисін жетілдіру және әлеуетті клиенттерімізге барынша қолайлы жағдай жасау үшін ұсынылатын қызметтердің түрін кеңейту бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Енді жұмыс берушілерге компания менеджеріне қоңырау шалудың, жалпы күту үшін уақыт жұмсаудың және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) бойынша шарт жасасу үшін кеңсеге келудің қажеті жоқ. Оларға электронды сандық қолтаңбаның болуы (ЭСҚ) және бірнеше минут ішінде компанияның сайты арқылы барлық қажетті қадамдардан өтудің өзі жеткілікті. Біз бұл қызметті шағын бизнес басшылары арасында жоғары сұранысқа ие болады деп үміттенеміз», - деді Басқарма төрағасының орынбасары А. Жексембаев.