НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Солтүстік атлантикалық альянстағы ресейлік миссияның сегіз мүшесі "арнайы қызметке қатысы бар" деген негізбен аккредитациясынан айырылғанын растады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Столтенберг ресейліктерді кетіру "қандай бір оқиғаға байланысты қабылданбағанын" айтты. Ол НАТО өкілдері соңғы кездері Ресейдің зиянды істері көбейгенін байқағанын және бұл жолы жауапты шара қолданатынын ескертті.
Бір тәулік бұрын ресейлік сегіз дипломат аккредитациясынан айырылып, тағы екі қызметкердің орны қысқартылғаны хабарланған. Осымен НАТО-дағы ресейлік миссия 20 адамнан 10-ға қысқарды.
Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл бойынша пікір беріп, Мәскеуде НАТО-мен келіссөз жүргізу бойынша ешқандай иллюзия қалмағанын жеткізген.
Ресейдің сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова НАТО-ның бұл шешімі Мәскеуді таңқалдырғанын, оған қарсы "жауапты шара" болатынын мәлімдеген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел