Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымовты қызметінен босатып, оның орнына энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты тағайындады. Тоқаевтың жарлығы кеше, 7 қыркүйек кешке қарай Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Ақорда жариялаған президент жарлығында Тұрымовтың қызметінен не себепті босатылғаны айтылмаған.
57 жастағы Тұрымов 2019 жылдың маусымынан бері Маңғыстау облысының әкімі болды. Биыл бұл облыста қуағшылық болып, мал қырылғанда қоғам белсенділері әкімнің ешқандай шара қолданбағанын айтып, отставкасын талап еткен.
54 жастағы Нұрлан Ноғаев бұған дейін Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында әкім болған. Ол 2019 жылдың желтоқсанынан бастап энергетика министрі қызметін атқарды.
Ноғаевтың орнына Энергетика министрлігіне әлі ешкім тағайындалған жоқ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті