Жапонияның корғаныс министрі Томоми Инада барлау бөлімшелері мен танктік жасақта қызмет етуге әйелдерге қойылған барлық шектеулерді алып тастап, алдағы уақытта қорғаныс саласындағы әйелдердің үлесін арттыруды көздеп отырғандығын мәлімдеді.
Соған сәйкес әйелдерге шектеу тек радиологиялық бөлімшелер мен сүңгуір қайықтарда ғана сақталмақ. Ал олардың сақталуы - тек қызмет ететін орындардың тарлығына байланысты әйелдерге жеке каюта қарастырылмағандықтан ғана болып отыр.

Жапон әскері
Фото: l.wiki.test.
Әйелдерге қорғаныс күштерінде қызмет ету 1993 жылдан рұқсат етілген болатын. 2008 жылы флотта қызмет етуге шектеулер алынып тасталса, 2015 жылы - жауынгерлік бөлімдер мен 2016 жылы - соғыс тікұшақтарын басқаруға қойылған шектеулер күшін жойды. Жапонияның қорғаныс министрлігінің ресми ақпараттарында көрсетілген есеп бойынша, бүгінде қорғаныс күштерінде 14 мың әйел қызмет етеді, бұл жалпы әскери құрамның 6,1 пайызына тең. Ал 1955 жылы қорғаныс күштері енді құрылған кезде олардың саны небәрі 144 болып, 0,1 пайыз ғана болған.
“The Qazaq Times”


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел