Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы жарлық шығарып, Қосшы ауылына өңірде маңызы бар қала мәртебесін бергенін хабарлады.

№629 жарлыққа сәйкес, Қосшы ауылы биыл 27 шілдеден бастап Целиноград ауданы құрамынан шығарылып, облыстық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды.

Осыған дейін сәуірдің 26-сы ауылдың қалаға айнаналдыру туралы жарлық нобайы қоғам назарына ұсынылып еді.

Астананың іргесіндегі аумағы 2,4 мың гектар болатын Қосшыда су, кәріз бен жол мәселесі әлі өзекті. Елордадан небары 12 шақырым қашықтықтағы Қосшы ауылы Ақмола облысына қарайды. Орталығы – Көкшетау қаласынан 300 шақырым жерде.

Әкімдіктің есебі бойынша, тұрғындар саны 50 мыңға жетеді. Бүгінде онда 3 орта мектеп және 22 балабақша бар.

"The Qazaq Times"