«Түркияда үш айға төтенше жағдай уақыты ұзартылды» деп хабарлады Түркия вице-премьері Нуман Куртулмуш.
Ресми Анкара төтенше жағдайды 2016 жылы ел оппозициясы әскери төңкеріс жасамақшы болғаннан кейін енгізген болатын. Бір жыл бойы түрлі себептермен төтенше жағдай уақыты созылып келген еді. Енді міне референдумнан кейін Ердоған билігі тағы үш айға төтенше жағдай мерзімін ұзартатынын мәлімдеп отыр.
Ал референдумның нәтижесіне қарсы халық, кешеден бері Стамбул көшелеріне шығып өз наразылықтарын білдіріп жатыр.
“The Qazaq Times”