Бүгіннен бастап израильдік түрмелерде отырған палестиналықтар жаппай ашаршылық жариялады деп хабарлайды bbc.com.
Қарсылық акциясы Израильде өмірлік бас бостандығынан айырылған палестиналық көшбасшы Марван Баргутидің бастамасымен орын алып отыр.
Иссы Караке палестиналық автономиясының ресми өкілдерінің айтуынша, әзірге 1300-ге жуық адам ас-судан бас тартқан, алда олардың санының өсуі мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды.
Ал үкіметтік емес "Палестиналық тұтқындар клубының" мәліметіне сәйкес акцияға қатысушылардың саны 1500-ге жеткен.
Ал Израиль түрмелерінде бүгінде 7 мыңнан астам палестиналық отыр.
Марван Баргути - палестина қозғалысындағы ең беделді тұлға. Исламдық соғыс ұйымының көшбасшысы, израильдерге қысым көрсетуді ашық қолдағандардың бірі болып табылады. Ол 2004 жылы түрмеде бола тұра Махмуд Аббасты Палестина автономиясының жаңа басшысы ретінде қолдаған. 2004 жылы Баргути израильдерді өлтіргені үшін өмірлік бас бостандығынан айырылып және адам өміріне қол сұққаны үшін 40 жылға түрмеге тоғытылған.
Түрмеде отырғанына қарамастан Марван Багрути халық қаһарманы әрі палестиналық көшбасшылардың бірі болып саналады.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр