Өзбекстанда Ғылым академиясына қарайтын Сейсмология институтының директоры, география ғылымдарының докторы Вахоб Рафиков өлкеде шөлге айналған жерлер көбейіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
"Бұл процесс жыл өткен сайын тездетіп жатыр. Карначул, Мирзачул, Шерабад, Дальварзин, Қарақалпақ шөлдерінің шекарасы кеңейіп жатыр. Оларға соңғы жылдары ең жас шөл — Арал теңізі қосылды" деді Рафиков.
Оның сөзінше, Арал теңізінің түбінен көтеріліп жатқан құм мен тұз 300-400 шақырым радиусқа жайылып жатыр. Әрбір минут сайын 9 шаршы метр жер шөлге айналып жатыр.
"Экологиялық және геоэкологиялық проблемалар күн өткен сайын күшейіп жатыр. Егер бұл бағытта шаралар қолданылмаса, 2030-2040 жылдары егін егетін жерлерден тек Ташкент пен оның маңайы ғана қалуы мүмкін" дейді Рафиков.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы