Иерусалимде этно-аралық қақтығыстың оты қайта тұтану қаупінеде тұр.  Израиль азаматтары 1967 жылғы Шығыс Иерусалимдегі жеңісін атап өтудің биыл өзгеше форматын таңдаған. Жалауларын желбіретіп, жаяу шерулеткен еврейлер Шығыс Иреусалимді шерумен аралап өтуке дайындалуда. Еврейдің жаңа билігі де жыл сайын өтетін жеңісті атап өтуге мақұл болған. Палестиналықтар жақында ғана қақтығыс тоқтаған елде бұндай әрекетті арандату қатарында қабыл алуда.

1967 жылғы Израиль-араб соғысында Шығыс Иерусалимді жеңіп алған күнді жебірей азаматтары атаулы күн ретінде жыл сайын атап өтіп келеді. «Желектілер шеру» деп те аталатын шарада жебірей жастары Дамаск қақпасынан тартып Шығыс Иерусалимдегі мұсылмандар тұратын аудандарына дейін аралап, байрақтарын көтеріп, патриодтық әндерін айтып өтеді.

Атаулы күн өткен бейсенбіде өтіп кетті. Қауіпсіздік мәселесіне орай полиция тарабы ол күнде шеру өткізуге қарсы болғандықтан басқа күнге ауыстырылған. Қызметінен кеткен премьер-министрі Нетаньяху ұйымдастырушылар мен полиция тарабы келісімге келетін болса, үкімет осы аптада шеруді өткізуге рұқсат беретінін айтқан.

Алайда, ол қызметіне кетіп, шерудің тағдыры Нафтали Беннеттидің жаңа коалициясының қолында қалған. Аптаның басында жаңа үкіметтің ішкі қорғаныс министрі Омер Бар-Лев шеруге рұқсат берілгенін мәлімдеді.

Жаңа коалицияның құрамындағы исламшыл партияның лидері бұған қарсылық білдіріп мәлімдеме жасады. Мансур Аббас шеруге рұқсат беру қақтығыстың отын үрлеген мақсатты саяси шешім болып қалады деп ескертті.

Газаның ресмилері де палестиналықтарға ұран тастап, бұл шеруді тоқтатып қалуға шақыруда. Жексенбіде Газада «Желектілер шеруіне» қарсы наразылық акциясыда ұйымдастырылды.

Жақында ғана екі тарап ортасында 11 күнге созылған қақтығыстан 256 палестиналық, 13 израильдік қаза тауып, Мысырдың ара ағайындық жасауымен атысты әрең тоқтатқан болатын.

Жаңа жағдайға байланысыт Израиль армиясы жаңа дайындық күйіне келтірілді. Ақпарат құралдары әуе қорғаныс жүйесі Палестина тарабынан келетін зымырандарды тосуға дайын тұрғанын хабарлап жатыр.

“The Qazaq Times”