Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустың 1385 кейсы тіркелді. 19 адам қайтыс болған: 15 адам - коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмған.
Індет басталғалы бері елде 390 376 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қазір 25 мыңға жуығы емделіп жатыр. 4007-і қайтыс болған.
Өткен тәуліктегі мәлімет бойынша Астанада – 272 жаңа жағдай;
Қарағанды облысында – 205,
Алматыда – 203,
Батыс Қазақстан облысында – 95, Шығыс Қазақстан облысында – 85,
Ақмола облысында – 76,
Атырау облысында – 72,
Алматы облысында – 65,
Павлодар облысында – 63,
Шымкентте – 54,
Маңғыстау облысында – 46,
Ақтөбе облысында – 41,
Қостанай облысында – 39,
Солтүстік Қазақстан облысында – 26,
Түркістан облысында – 18,
Жамбыл облысында – 17,
Қызылорда облысында – 8.