Қырғызстан үкіметі канадалық «Құмтөр gold company» кәсіпорнына 4 миллиард 250 миллион доллар айыппұл салды. Парламент депутаттарының айтуынша, бұл іс халықаралық дауға ұласуы мүмкін.
Аталған мәселе он бес жылдан бері талқыланып келеді. Бұл жолы 120 депутаттың 91-і кәсіпорында сыртқы басқару жүйесін енгізуді қолдап дауыс берген. Негізінен Қырғызстан экологтарының канадалық компанияға таққан басты айыбы – мұздықтардың бұзылуы. Арнайы депутаттық комиссия алтын өндіру кезінде пайда болатын улы қалдықтар мұздықтар аймағын қаттап тастағанын анықтаған. Осылайша, жүздеген миллион тонна игерілген таулы жыныс Лысый және Давыдов мұздықтарының біртіндеп азаюына әкелді. Сондай-ақ улы қалдықтар Әмудария және Сырдарияға кеп қосылатын Нарын өзеніне түсу қаупі бар.
Әлемдегі ең ірі алтын кен орындарының бірін шетелдік инвестор 1997 жылдан бері игеріп келеді. Канадалық компания – елдегі ең ірі салық төлеуші. Оның өндіріс көлемі Қырғызстанның Жалпы ішкі өнімінің 10%-ын құрайды. Компанияға тиесілі кәсіпорындарда 3 мыңдай адам еңбек етеді. Қызметкерлерінің 97%-ы жергілікті тұрғындар.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы