Неміс адвокаттары Карлсруэдегі Германия Федералды прокуратурасына Беларусь президенті Александр Лукашенкоға қарсы сот ісін қозғауды ұсынды.
DPA агенттігінің хабарлауынша, адвокаттар 2020 жылғы тамыздағы президенттік сайлаудан кейін басталған наразылық акцияларын кезінде билік тарапынан адам құқығы өрескел бұзылып, белсенділер негізсіз қудаланды деп санайды. Бұл істе олар Германия билгінен мұндай қылмыстарды жалпыға бірдей юрисдикцияға сәйкес тәуелсіз тергеуді сұрайды.
Лукашенко 9 тамызда өткен сайлауда жеңімпаз деп танылған, бірақ оның басты қарсыласы Светлана Тихановская оның жеңісін мойындамаған. Содан бері мыңдаған адам наразылыққа шығып, дауыс беру нәтижесін жоюды талап етті. Лукашенконың отставкасын талап еткен наразылық шаралары елдің түрлі қалаларында жалғасып жатыр. Соңғы айларда наразылардың қарасы едәуір сиреген. Полиция жаппай наразылықты аяусыз басып-жаншып, көбін ұстаған. 27 наурызда жыл басынан бергі ең ірі наразылық кезінде 200-ден астам адам ұсталған.
Еуропа одағы мен АҚШ елді 26 жылдан бері билеп отырған Лукашенконың жеңісін мойындамай, Беларуське санкция салды. Дегемен, Лукашенко елде билік транзиті болмайтынын айтты.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр