Жалпыхалықтық вакцинация науқаны сәтті жүргізіліп жатқан Израиль шекарасын қайта жапты. Ел үкіметі екпе коронавиурстың жаңа штамдарына тосқауыл бола алмауы мүмкін деп қауіптенеді.
Осы аптадан бастап Израильде жаңа штамдарға тосқауыл қою үшін Үндістан, Бразилия, Украина және Мексикамен әуе байланысы шектелді. Шетелден келушілер жіті тексеріледі. Қызыл аймақтан келген азаматтар екі күнге оқшаулануы тиіс. Қазірге дейін бір азаматтан чилилік және 60 адамнан үндістандық штам анықталған.
Елде егде жастағы адамдарды вакциналау оң нәтиже беріп, вирусты жұқтырғандар күн сайын азаюда. Соңғы күндері коронавирус тек 50 адамнан анықталды. Ауруханаларда ауыр халде жатқан науқастар жоқ. Ал өлім-жітім мүлде тіркелмеген. Осыған байланысты мұнда карантин шектеулері жеңілдетіле бастаған.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, пандемия басталғалы әлемле 153 миллион адам вирус жұқтырып, 3,2 миллион адам ажал құшқан. Күнделікті жаңа кейстердің саны бір аптадан астам уақыт бойы рекорд орнатты – тәулігіне 800 мыңнан астам жағдай тіркелген. Бұл көрсеткіштің жартысына жуығы Үндістанға тиесілі.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы