Бүгін, 27 сәуірде Таразда Қордайдағы ұлтаралық жанжалға байланысты 51 айыпталушыға сот үкімі оқылды.

Жамбыл облыстық сотының мәліметінше, 19 айыпталушы түрме жазасына кесіліп, 24 адам 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған. Бұдан бөлек, 7 адамның 3 жылға бостандығы шектелді. Бір адам толық ақталды.

"Сотталушы Ботабасов мылтықпен адамдар тобына оқ атып, нәтижесінде үш адам қаза тауып, төрт адам зардап шеккен. Ол жаппай тәртіпсіздікке қатысып, үш адамның өліміне, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы Тоқабаев көлікпен бір топ адамды қаққан. Нәтижесінде жәбірленуші (атын атайды) оқиға болған жерде қайтыс болып, үш адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Сотталушы Тоқабаев жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін, екі адамнан көп адамды өлтіруге оқталғаны, атыс және өзге де заңсыз әрекеттері үшін 17 жылға бас бостандығынан айырылды" деді Жамбыл облысы бойынша сот әкімшілігінің жетекшісі Берік Құлтасов сот үкімінен кейін өткен баспасөз жиынында.

Айыпталушылар Үкім
1. Сейілханов, 83 жылғы – 272 бап (3-бөлік), "Жаппай тәртіпсіздік" екі жылға бостандығы шектелді
2. Серіков, 81 жылғы – 272-бап (3-бөлік) екі жылға бостандығы шектелді
3. Есет Қалниязов – 272-бап (3-бөлік) екі жылға бостандығы шектелді
4. Дастан Қалниязов, 91 жылғы – 272-бап (3-бөлік) екі жылға бостандығы шектелді
5. Құдырет Мұхтарұлы – 272-бап (3-бөлік) екі жылға бостандығы шектелді
6. Мейрамбек Рашидұлы – 272-бап (3-бөлік) 5 жыл шартты жаза
7. Бақытжан Жолдасбекұлы – 272-бап (3-бөлік) 5 жыл шартты жаза
8. Аян Бақытжан Әскербеков, 97 жылғы – 272-бап (3-бөлік) 5 жыл шартты жаза
9. Шамиль Харсанов – 272-бап (3-бөлік) 5 жыл шартты жаза
10. Жасұлан Мыңжасаров – 272-бап (3-бөлік) 5 жыл шартты жаза
11. Нұрбол Асланұлы – 272-бап (3-бөлік) 5 жыл шартты жаза
12. Алмас Әубәкіров – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл түрме жазасы
13. Бақыт Мақсұтов 5 жыл шартты жаза
14. Мақсат Мажыраев – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
15. Саян Сапарбекұлы – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
16. Байке Құрманғазыұлы – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
17. Сағынтай Ишкеев – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
18. Шакир Мауров – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
19. Аидир Машанло 5 жыл шартты жаза
20. Бакир Дауров – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
21. Исмар Ушуров – 272-бап (2-бөлік) толық ақталды
22. Закир Юнху – 272-бап (2-бөлік) 6 жыл шартты жаза
23. Ролан Шогелов – 272-бап (2-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
24. Қуаныш Сәрсенбаев – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
25. Төлеген Балғабеков – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
26. Сапар Әлиев – 272-бап (1,2,3-бөлік) 5 жыл түрме жазасы
27. Мурат Қибеков – 272-бап (1,2,3-бөлік) 3 жылға бостандығы шектелді
28. Мақсат Чарабас – 272-бап (1,2,3-бөлік) 5 жыл түрме жазасы
29.Бақытбек Ибрагимов – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
30 Елдар Нұрәлі – 272-бап (1,2,3-бөлік) 3 жылға бостандығы шектелді
31. Саров Харки – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
32. Азамат Ториев – 272-бап (2-бөлік), 180-бап (3-бөлік). 5 жыл түрме жазасы
33. Ақжол Әлімбай – 272-бап (2-бөлік), 188-бап ( 3-тармағы) 5 жыл шарты жаза
34. Нұржан Иманбаев – 272-бап (2-бөлік), 188-бап ( 3-тармағы) 5 жыл шартты жаза
35. Руслан Телғазиев – 272-бап (2-бөлік), 188-бап (3-бөлік) 5 жыл шартты жаза
36. Әділет Бажанов – 272-бап (2-бөлік), 419-бап (3-бөлік) 5 жыл түрме жазасы
37. Юсуп Шинху – 272-бап (2-бөлік), 419-бап (3-бөлік) 6 жыл шартты жаза
38. Эрсе Дауров, – 272-бап (2-бөлік), 381-бап, (3-бөлік ) 16 жыл түрме жазасы
39. Мадияр Жунусов – 272-бап (2-бөлік), 380-бап 1-бөлік 5 жыл түрме жазасы
40. Медет Тоқобай - 99- бап ( 2-бөлік), 272-бап 17 жыл түрме жазасы
41. Әнуар Оразай, 287-бап, 192-бап, 272-бап 11 түрме жазасы
42. Жұмахан Ботабасов, 99-бап (2-бөлік), 272-бап 20 жыл түрме жазасы
43. Ринат Иманғазиев, 192-бап, 272-бап 7 жыл түрме жазасы
44. Юбур Чиншанло, 99-бап, 272-бап 16,5 жыл түрме жазасы
45. Сангуй Шимар, 272-бап 16,5 жыл түрме жазасы
46. Ислам Зимуров, 272-бап, 99-бап 5 жыл түрме жазасы
47. Хижин Исмар, 272-бап 5 жыл түрме жазасы
48. Хижин Мухарме, 272-бап 5 жыл түрме жазасы
49. Мадияр Кәрібаев, 272-бап 16,5 жыл түрме жазасы
50. Мақсат Солтонаев, 272-бап, 287-бап, 97-бап 17 жыл түрме жазасы
51. Ерік Бәйтенов, 272-бап, 282-бап, 98-бап 15,5 жыл түрме жазасы

Кесте Азаттық радиосының сайтынан алынды

Қордайдағы жанжалға байланысты сот процесі 2020 жылдың желтоқсан айынан бері жалғасып келеді. Тараздағы сотта 51 айыпталушының ісі қаралып жатыр. Оларға Қылмыстық кодекстің "Жаппай тәртіпсіздік", "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру", "Қорқытып алу", "Қарақшылық" және "Адам өлтіру" баптары бойынша айып тағылып жатыр.

2020 жылы 7 ақпанда түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасында қақтығыс болған. Оқиға кезінде 11 адам қаза тапқан. Жанжалдан соң 120-дан астам қылмыстық іс қозғалып, 50-ден астам адамға айып тағылған. Прокуратураның мәліметінше, Қордайдағы ұлтаралық жанжал кезінде 164 үй мен сауда орны, 100 көлік қираған. 342 адам жәбірленуші деп танылған. 400-ден астам сараптама жүргізіліп, 1,5 мыңнан астам адам сұралған.

"The Qazaq Times"