Ресейдің Федерация Кеңесі әскери техниканы Өзбекстанға жеткізу туралы үкіметаралық келісімді мақұлдады. Бұл туралы "Парламентская газета"-ға сілтеме жасап «Орталық Азия хабар қызметі» хабарлады.
Федерация кеңесінің қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшесі Ольга Ковитидидің айтуынша, 2016 жылы қарашада Мәскеуде қол қойылған бұл құжат екі мемлекеттің игілігіне қызмет етеді.
Әскери техника жеткізуші мемлекет оның мақсатты қолданғанын қадағалайды, келесі тарап мұндай шарттың бұзылмауын қадағалауы тиіс.
Бұл ереженің орындалуын Ресейдің Әскери-техникалық әріптестік жөніндегі федералдық қызметі және Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі қадағалайды. Бірақ Ресейдің Өзбекстанға нақты қандай қару жеткізетіні туралы ештеме айтылмады.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?