Мәжіліс депутаттары елдегі коронавирус вакцинациясының баяу жүріп жатқанына қарсылығын білдірді. Сәрсенбі күнгі Парламент үйіндегі төменгі палатаның отырысында депутат Ирина Унжакованың премьер-министр Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалына өзге мәжілісменде де қосылды.

Оның айтуынша, халық вакцинаны қалай және қайдан қабылдау керек екенін білмейді.

«Кеше денсаулық сақтау министрі тағы да халықты екпе салдыруға  шақырды. Бірақ оны кім қайда барып, қайдан салдырады деген сұрақ туады. Өйткені аймақтардағы емханаларда вакцина жоқ. Бұл былтырғы жағдайды еске салады. Бір жыл бұрын жұрт ПТР тестін қайдан және қашан қалай тапсырарын білмей әбден әбігерленген еді. Қазіргі жағдай министрліктің не өзінің, не әлем тәжірибесінен сабақ алмағанын көрсетіп отыр. Израиль, Ұлыбритания, Словакия, Словения, Сербия, Сингапур және басқа да бірқатар елдерде халықтың жартысынан 90%-ға дейін егілді», – деді Унжако

Унжакова пандемия басталған былтырғы толқында қателіктер қаражат пен тәжірибенің жоқтығынан болды, ал биыл бәрі жекілікті деп санайды. Депутат елімізде эпидемиологиялық ахуалға көңілі толмайтынын жеткізді.

«Ведомство мәліметінше, 101 мыңнан астам адам вакцинацияланды. Бұл елдің бір пайызға жетер-жетпесі ғана. Вакцинация екі ай бұрын басталды. Осындай қарқынмен жалғастырсақ, 19 миллионға жуық тұрғынның 70%-ын егуге шамамен 15 жыл қажет болады», – деді ол.

Сарапшылар елде екпе науқаны баяу жүріп жатқанын айтады. Қазір елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп, бес бірдей облыс және ел тұтас «қызыл аймаққа» кірді.

«Алдыңғы министр Біртанов пандемиямен күрестің басталуын сәтсіздікке ұшыратқан болса, бүгінгі министр Цой халықты вакцинациялау науқанын «сәтті» күйретуде. Қазіргі министрдің күнделікті ақпараты жақсарта алмайды, ал халық екпе алмақ түгілі қайдан және қашан вацинациялауға болатынын білмейді» деген ол Үкіметтен жалпыхалықтық вакцинациялауды дереу жүйелеуді талап етті.

Қазақстанда 131 170 адам коронавирусқа қарсы ресейлік екпенің алғашқы дозасын салдырған. Оның 32 482 адамы екі дозасын толық алған.

Сейсенбі күнгі брифингте министр Цой аймақтара 150 мың доза жеткізіліп жатқанын айтқан. Бұдан басқа, үкімет сәуірде Ресейден қосымша 2,5 млн доза вакцина жеткізуді жоспарлған көрінеді. Цой «вакцинаның бұл көлемі вакцинацияланатын контингент пен еріктлерге екпені барынша қолжетімд етеді, сәуір айында бұған вакцина салдыруға ниетті азаматтардың да қолы жететін болады» деген. Оның сөзінше, қоғамдық орындарда жылжымалы егу пункттері ұйымдастырылмақ.

Ашық дереккөздегі соңғы (30 наурыздағы – QT) ақпаратқа қарағанда, Израиль халқының 51,5%-ы, БАӘ елдерінде 22%, АҚШ-та 16%, Бахрейнде 14% адам, ал Қазақстан азаматтарының небәрі 0,2% шамасында вакцинацияланған. Министрдің пікірінше, екпе науқанының баяу жүруіне қаржылық емес, дайын өнімнің болмауы себеп.

“The Qazaq Times”