Алматы қаласында осы уақытқ адейін тіркелген науқастардың 21%-ы немесе 5/1 бөлігі тек наурыз айында тіркеліп үлгерді. Күнделікті сырқаттар саны бұрын-соңды болмаған көрсеткіште анықталып жатыр. Эпидахуал нашарлап барады. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды.

Биылғы №13 қаулыға сәйкес, Алматы қаласында Ashyq пилоттық жобасына тіркелген кәсіпкерлердің жұмысына рұқсат етіледі. ХҚКО қызметіне жүгіну үшін алдын-ала жазылу керек. Кафе-ресторандардың ауласында 50 адамға дейін 2 метр болатын әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып тамақтануға болады. Оқу жылының соңынай дейін білім беру қашықтан жүреді. Бірақ ата-аналардың өтініші бойынша 1-5 сынып, халықаралық мектептерде 1-7 сынып және бітіруші 9-ыншы мен 11 (12) сынып оқушылары топта 15 адамға дейінгі шектеумен офлайн оқиды.

Сонымен қоса, қоғамдық орындарда – сауда-саттық және ойын-сауық орталықтары мен базарларда вакцина егу пункттері ашылмақ. Бекшин бұқаралық орындарда вакцинациялау алгоритмін бекітті. Жаңа қаулыда осыған дейін енгізілген тыйымдар өзгермеді.

12 сәуірге дейін қоғамдық көліктер (автобус, троллейбус маршруттары мен метро) жұмыс күндері қалыпты кестемен, ал демалыс күндері (сенбі-жексенбі) таңғы 06:00-ден 10:00-ге дейін кешкісін 17:00-22:00 аралығында қатынайды.

Ал шаштараз бен сұлулық салондарына алдын ала жазылу бойынша шаш қиюға ғана рұқсат.

Діни ғибадат орындарында жамағат болып құлшылық етуге тыйым салынған. Мұны дін істері жөніндегі басқарманың арнайы мониторинг тобы тексеретін болады. Дегенмен қашықтықты сақтап жеке құлшылық етуге рұқсат етілген.

Көңіл көтеру орындары (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың), көпшілікке арналған моншалар мен сауналар, СПА-орталықтар, бассейндердің қызметіне тыйым салынады.

“The Qazaq Times”