Моңғолия шекарасы 1 мамырдан бастап ашылады. Бұл туралы МОНЦАМЭ агенттігі хабарлады.
Вице-премьер, Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайхан: «Халыққа ауқымды вакцина егу процесі тиімді жүргізілсе және мемлекеттік органдар мен жеке секторлар тиісті санитария-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтаса, Үкімет 1 мамырдан бастап шекараны ашу үшін белсенді жұмыс жүргізеді», – деп мәлімдеді.
Ел премьері Л.Оюун-Эрдэнэ өткен аптада туристік сала өкілдерімен кездесіп, сала қызметін қалыпты режимде жалғастыру үшін қажетті шараларды қабылдайтынын айтқан.
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 116 миллионнан асты. Моңғолияда жалпы саны 3 153 адамға жетсе, 2 адам қайтыс болған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы