Беларусьте полиция ондаған журналист пен құқық қорғаушыларға тінту жүргізді. Қауіпсіздік қызметкерлері 2020 жылғы наразылық шерулерінің шетелден қаржыландырылғандығы туралы дәлел іздестіріп жатыр.
Тінту елдің барлық облыс орталықтарында – Минск, Брест, Гомель және басқа аймақтарда таңертең басталған. Нәтижесінде, белгісіз себептермен екі адам қамауға алынған.
Минскіде олар Беларусь журналистер қауымдастығының басшылығына да тінту жүргізді. Кейіннен полиция ұйымның кеңсесіне де барды. Бұл тәуелсіз ұйым 1995 жылы Беларусь журналистерінің ресми Одағына қарсы құрылған.
Сейсенбі таңертең таңертең Минскіде «Өлім жазасына қарсы құқық қорғаушылар» науқанының үйлестірушісі Андрей Полуда, «Весна» құқық қорғау орталығының қызметкерлері Наталья Сацункевич пен Дмитрий Соловьев, сондай-ақ тәуелсіз электронды өнеркәсіп одағының төрт басшысынан сұрау алынған.
Гомельде сегіз тәуелсіз журналист пен құқық қорғаушылар, Могилевте екі журналист және «Весна» рталығының екі аймақтық қызметкерін тексерді. Сарапшылар Беларусь билігінің бұл қадамын «сөз бостандығына қайшылық және диктатураның айқын көрінісі» деп санайды.
9 тамыз Беларусьте президенттік сайлау өтті. Сол күні ОСК Александр Лукашенконың 80,10% дауыс жинап, жеңіске жеткенін хабарлады. Сайлау нәтижелерін мойындаудан бас тартқан Светлана Тихановская кандидат ретінде 10,12% дауыс жинаған.
Дауыс беру қорытындылары шығарылғаннан кейін елде жаппай наразылық акциялары басталды. Ірі қақтығыстар кезінде полиция шеруге шыққандарға қарсы оқ атып, күшпен басып-жаншуға тырысты. Қазір Беларусьте жергілікті наразылық акциялары әлі де жалғасуда.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді