Ақ үй жоғары шенділері сейсенбі күні жариялаған хабарында, Ресей жағы жалған ақпаратты насихаттау арқылы Сүрияның химиялық қару қолданғанын барынша көлегейлеуге тырысып келді деді. Олардың айтысына қарағанда АҚШ Сүрия билігінің химиялық қаруды пайдаланғанын толықтай растайды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Тиллерсон жоғары деңгейдегі келіссөздерге қатысу үшін Мәскеуге келген. Ал Ақ үй шенеуніктері Сүрия ісіне байланысты Мәскеуге деген қысымды арттыруды ойлап отыр. Себебі, олардың ойынша Башар Асадтың химиялық қару пайдалануына қолдаушы бірден бір Ресей болмақ.
Ресей мен Сүрия күштерінің зымыран шабуылына жанталаса қарсылық білдіруі Ақ үй мен Пентагонның жоғарыда айтылғандағыдай күмәнін тудырып отыр.
Сүрия жақ бірнеше рет қосалқы химиялық шабуыл жасағанын теріске шығарып отыр. Ресейдің көрсеткен ақпарында Сүрия қосыны әуеден шабуылдаған, ал қарсы топ химиялық қару пайдаланған екен.
Ақ үйдің сейсенбі күнгі мәлімдемесінде Ресейдің бұл ақпараты жұрттың көзін көлегейлеп, өзгелерді алжастыру деп сынға алды.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр